Әлемдік экономика 2007-2008-інші жылдары 4,9 пайыздық қарқынмен өсуге тиіс

ВАШИНГТОН: Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, АҚШ экономикасының даму қарқыны баяулағанымен де, әлемдік экономиканың дамуы осы және келесі жылы да жалғаса беруге тиіс. Өзінің жылына 2 рет жариялайтын есебінде Халықаралық валюта қоры 2007 және 2008-інші жылдары әлем экономикасы 4.9 пайызға өсуге тиіс. Бұл өткен жылғы 5.4 пайыздық өсуімен салыстырғанда едәуір баяу болса да, соңғы 30 жылдан кейінгі дамудың жақсы қарқыны болып табылады.