АҚШ Ирақ пен Ауғанстанда қырылған бейбіт халықтың отбасыларына өтемақы төледі

АҚШ армиясы Ирақ пен Ауғанстандағы бейбіт халықтың ішінен қаза болғандар мен жараланғандардың отбасыларына 33 млн. доллар өтемақы төледі. Осы жөнінде хабарлаған АҚШ армиясы, дегенмен де, соғыс барысында қаза тапқан бейбіт халықтың нақты санын атамады. Әрбір отбасына 500-ден 35 мың долларға дейінгі көлемде өтемақы төленгені ғана хабарланды. Сонымен қатар осыншама ақшаның тең жартысы қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық көмек ретінде төленген көрінеді.