Қырғызстандағы президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды

Қырғызстан астанасы Бішкекте 4 мыңға жуық адам шеруге жиналды. Наразылық танытушылар президент Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуін және кезектен тыс президент сайлауын өткізуді талап етуде. Соңғы хабарға қарағанда, Қырғызстандағы президент әкімшілігінің басшысы Мықтыбек Абдулдаев қызметінен босатылды. Оның себебі әзірше белгісіз.