Ресей полициясы оппозицияның шеруін болдырмаймыз дейді

Ресей полициясы билік тарапынан рұқсат етілмеген оппозицияның шерулер өткізу әрекетіне қатты тойтарыс береміз дейді. Оппозиция өз шерулерін сенбі күні Мәскеуде, ал жексенбі күні Санкт-Петерборда өткізуді жоспарлап отыр. Хабарларға қарағанда, Мәскеуде “ОМОН” арнайы полиция күштері орналастырылған. “Наразылар шеруін” ұйымдастырушылардың бірі Юлия Малышева “Азаттық” радиосы орыс қызметіне былай деп хабарлады:

“Көптеген ОМОН қызметкерлері елдің басқа аймақтарынан Мәскеуге орналастырылуда. Әдетте аймақтық ОМОН басқа қаладағы өз әрекеттеріне жауап бермейді. Олардың әрекеті Мәскеудегі ОМОН-ға қарағанда радикалдырақ болуы мүмкін. Бұл жердегі проблема осы”.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мәскеудегі наразылық шарасына 7-мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.