Қырғызстан астанасында рефромалар жолындағы шерулер жалғасуда

Бішкекте бес күннен бері мыңдаған адам мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіп, конституциялық реформалар жасауға шақыруда. "Азаттық" радиосы Қырғыз редакциясының хабарлауынша, кеше шерушілер арасында 200-дей адам қатысқан төбелес болып, кейбіреулер жарақаттанған. İшкі істер министрі Болотбек Ноғойбаев жиналғандар алдында сөз сөйлеп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылады деп ескертті.