Түркменстан басшысы шетелге өзінің алғашқы сапарын аяқтады

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов Сауд Арабиясына үш күндік сапармен келген болатын. Бүгін ол Сауд Арабиясының патшасы Абдулламен және Риядтың бизнес басшыларымен кездеспекші. Бұған дейін Бердімұхамедов Мекке және Медине қалаларына барып, ұмра, яғни кіші қажылық міндетін орындаған болатын.