АҚШ университетінде бір қарулы кісі кемінде 33 адамды өлтірді

Блаксбургтегі АҚШ университетінде бір қарулы кісі кемінде 33 адамды өлтірді. Құрбан болғандардың көбі студенттер деп хабарланды. Полицияның айтуынша, қаруланған адам кейін өзін де өлтірген. Вирджиния Техникалық Университетіндегі ресмилердің мәлімдеуінше, әлгі қаруланған адам дүйсенбі күні екі бөлек оқиғадағы атыстарға жауапты болған. Бірінші шабуыл студенттердің жатақханасында орын алған, кейін шамамен екі сағат өткен соң екінші шабуыл университеттің залында болған.