Пәкістан тіркелмеген ауған босқындарын күштеп кері қайтарып жатыр

Пәкістан үкіметі БҰҰ Босқындар жөніндегі жоғары комиссарының бағдарламасы аясында тіркеуден өтпеген ауғандық босқындарды елден күштеп шығаруды бастады. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәлімдеуінше, 2002 жылдан бері 3 миллион ауғандық ерікті түрде елдеріне қайтарылған. Ал екі миллионнан астамы 2009 жылға дейін Пәкістанда тұруға заңды мүмкіндік беретін тіркеу карточкаларын алған екен. Сондай-ақ ондаған мың ауғандық босқын Пәкістанда заңсыз, демек тіркелусіз мекендеп жатыр деп есептеледі.