Қырғызстанның шығысындағы бұл провинцияда шерушілер жергілікті билік ғимаратын шабуылдау әрекеттеріне барған. Олар сәуірдің 15 күні оппозиция белсендісі Бектемір Акуновтың қаза болғанына ашу-ызаларын білдірген. Полиция тұтқындаған Акунов, кейінірек қамау камерасында асылып өлген жерінен табылған деп хабарланды. Ресмилер ол өзін-өзі өлтірді деген қорытынды жасаған болатын. Оппозиция белсенділерінің бірқатары мен жергілікті кейбір ресмилер Акуновты полиция ұрып-соқты деп мәлімдеген. Ол Нарынға Бішкектегі оппозиция шерулеріне қатысқан соң қайтып келген болатын. Бектемірді жерлестері соңғы сапарға бүгін шығарып салады.