Ресей Сыртқы істер министрі Косово мәртебесіне байланысты екі жаққа да тиімді шешім үшін келіссөздерді одан әрі жалғастыру керек деп санайды

Косово тәуелсіздігін бір жақты тұрғыда мойындау Балқан аймағында бей-берекеттіктерге әкеледі, деді Сергей Лавров. Ресей министрі бұл пікірін Серб президенті Борис Тадичпен кездесуден кейін білдірді. БҰҰ болса, Косовоға халықаралық дәрежеде басқарылатын тәуелсіздік беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.