Ауған полициясы сияқты киініп алған 3 талибандықты Ауған және коалиция күштері өлтірді

Өздеріне жалған полиция бекетін жасап алған олар сәуірдің 17-сі күні Ауғанстандағы коалиция күштеріне оқ жаудырған екен. АҚШ әскерилерінің мәлімдемесіне қарағанда, бұл оқиға Херат аймағының Шинданд елді мекеніне жақын маңда болған.