АҚШ университетінде қырғын жасаған студент НБС теле арнасына хабарлар жөнелткен екен

Виржиния техникалық университетінің 32 адамын атып өлтірген студент суреттер, бейнетаспалар және жазулары арқылы өз проблемасын айтуға тырысқан сыңайлы. Телеарна тілшісінің сөзіне қарағанда, бұл хабарларды дүйсенбі күні алғашқы және екінші атыстарының арасында Чо Сеуң Хуэй жібергенге ұқсайды.