Адамның құқын қорғайтын жалғыз өкіл тағы 3 ай Өзбекстанда қалатын болды

ТАШКЕНТ: Адамның құқы бойынша “Хьюман райтс уотч” ұйымының Өзбекстандағы жалғыз өкілі Андреа Бергтің хабарлауынша, ресми билік өзін елден шығару жөніндегі шешімін түпкілікті өзгертті. Бергтің “Ассошиэйтед Пресс” агенттігіне хабарлағанындай, оның тіркелу құжаты 3 айға ұзартылды. Өткен аптада Берг өзінің тіркеуден шығарылып, енді Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болатынын хабарлаған болатын. “Хьюман райтс уотч” ұйымының мәлімдеуінше, өзбек үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды қатаң қысымға алып, соңғы 2 жылда адамның құқын қорғайтын кемінде 15 адамды саяси астары бар айыптармен түрмеге жапты.