Мыңдаған армян Ереван көшелерімен шерулетті

Олар осылайша Осман империясының армяндарды қырғанына бүгін 92 жыл толуын белгілеуде. Армения мен әлемдегі тағы 20 ел бұл әрекеттерді геноцид деп бағалаған. Армяндардың айтуынша, 1915-ші жылы бір жарым миллиондай армян ұлт өкілдері өлтірілген. Түркия елі болса, ол қырғынды геноцид деп атауға қарсы шығуда.