Ресей тұңғыш президенті Борис Ельциндi соңғы сапарға шығарып салуға дайындалуда

Сәуірдің 23-і күні 76 жасында дүниеден өткен Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцинмен қоштасу екі күн бойына Мәскеудегі Құтқарушы Христ храмында өтеді. Ресей президенті В.Путиннің Жарлығымен 25 сәуір ұлттық қаралы күн деп жарияланды.

- Тұтас жаңа кезеңді бастаған адам өмірден өтті. Жаңа, демократиялық Ресей өмірге келіп, еркін, әлемге ашық мемлекет қалыптасты, бұл мемлекетте билік шын мәнінде халықтікі болды. Ресейдің бірінші президентінің күші мен оның идеясын ел азаматтары жаппай қолдады, - деді Путин.

Борис Ельцин ертең Мәскеудегі Новодевичье бейітінде жерленеді.