АҚШ қорғаныс министрі Ресей өкілдерін қорғаныс бекеттерін көруге шақырды

АҚШ тарабы Еуропада қойылуға жоспарланған зымыраннан қорғану бекеттерінің жерін көруге Ресей өкілдерін тағы шақырды. Берлин қаласында Германия ресми өкілдерімен келіссөз жүргізген АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс зымыраннан қорғану жүйесін қадағалауға Ресейді шақырғанбыз, әңгіме бірнеше жыл жалғасып келеді деді. Роберт Гейтс апта басында мәселені Мәскеуде Ресей ресми өкілдерімен де талқылаған. Ресей қолбасшыларының бірі Юрий Балюевский қорғаныс жүйесі шын мәнінде Ресей мен Қытайдың ядролық мүмкіншіліктерін тежеуді көздейді деп сипаттады.