Бермет Ақаева Қырғызстанның Жоғарғы сотына қайрылды

Ондай қадамға баруына, сейсенбі күні Кемин аудандық сотының шешімі түрткі болып отыр. Ол сот бұрынғы президент Асқар Ақаевтің үлкен қызын, яғни Берметті 29-шы сәуірге белгіленген парламенттік қосымша сайлауға қатысу хұқынан айырды. Себеп ретінде аудандық сот Ақаеваның Қырғыз жерінде тұру мерзімінің аздығын алға тартуда.