Н.Назарбаев Бішкекте қырғыз жағымен бірқатар келісімге келді

БІШКЕК: Бүгін Бішкекте Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Н.Назарбаев пен Қ.Бәкиев келіссөз өткізді. Жергілікті тілшілеріміздің хабарлауыша, 2 мемлекеттің басшылары екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамытуды көздейтін бірқатар ресми құжатқа қол қойды. Бірақ қырғыз парламенті Н.Назарбаев пен Қырғызстанның экс-президенті А.Ақаевтың бұрын қол қойған құжаттарын әлі мақұлдаған жоқ. Бүгін елге қайтары алдында қазақ лидері, сонымен қатар, қырғыз парламентінің спикері Марат Сұлтановпен және өзге депутаттармен кездесуге тиіс.