Беларус полициясы Чернобыль ардагерлерін соққыға жықты

Беларус астанасы Минскте кеше Чернобыль атом апатының 21 жылдығына орай шеру өтті, полиция шеру соңында күш қолданды, шеруге шыққандарды ұрып-соқты. Кейбір шерушілер қамауға алынды дейді оппозиция белсенділері. Мәлімет басқа бұлақтардан әзірше дәйектелмей отыр. Минскте, сол сияқты, Еуропа Одағы өкілдігінің кеңсесін ашуға екі жылдан соң рұқсат берілді. Президент Александр Лукашенко Еуропа Одағынан енді бірдеме дәмететінін білдірді.