Америкалық "Бейкер Хьюз" компаниясының ісі АҚШ Федералды сотында қаралды, мұнай саласында қызмет ететін компания Ресей, Қазақстан және Өзбекстан ресми өкілдеріне жылдар бойы пара бергенін мойындады. Оның ішінде қазақстандық ресми тұлғаларға 4 миллион 100 мың доллар пара төленген. Дәл осы жағдай бойынша қылмыстық айып тағылды, қалған жағдайлар азаматтық заңды бұзу деп танылды. Пара алған ресми тұлғалардың аты-жөндері жарияланбады. "Бейкер Хьюз" компаниясы АҚШ құнды қағаздар комиссиясына 44 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті.