Таллинндегі толқуларда 70 адам жараланды

Эстония полициясының хабарлауынша, Таллинндегі Совет әскері ескерткішінің басқа жерге көшірілуіне байланысты орын алған жаңа қақтығыстан кейін шамамен 70 адам жараланды. Жұма күні жарақат алғандардың 10-ға жуығы полиция қызметкері деп хабарланды. Наразылық шарасына қатысқан шамамен 600 адам қамауға алынды. Наразылық танытушылар қала орталығындағы дүкендерді тонап, терезелерін сындырған. Тәртіпсіздік әрекеттері, сондай-ақ, Таллиннің солтүстігіндегі Джови қаласында да орын алған.