Ауғанстанда кепілдіктен босатылған француз азаматы үйіне оралды

Ауғанстанда Талибан соғысушылары босатқан француз әйел өз еліне оралды. Кабулдағы Франция елшілігінің хабарлауынша, Селин Корделиер сенбі күні кепілдіктен босатылған соң өз үйіне ұшып кеткен. Алайда онымен бірге сәуірдің 3-і күні ұрланған екінші француз азаматы мен үш ауғандық әлі тұтқында қалып отыр. Талибандықтар Франция әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуын талап етуде.