Мысырдағы жиынға Иранның қатысуын Ирақ жылы қабылдады

Аймақтық қауіпсіздікке байланысты осы аптада өтетін конференцияға Иранның қатысуын Ирақ ресмилері жылы қабылдады. Сонымен қатар, Ирақтың Ұлттық Қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Муваффақ әл-Рубаи Мысырдағы жиналыс Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына алып келуі мүмкін деген үмітін білдірді. Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс конференцияда Иран ресмилерімен келіссөз өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.