БҰҰ-ның адам хұқтары жөніндегі жоғарғы комиссары Орталық Азияға сапарын аяқтады

БҰҰ-ның адам хұқтары жөніндегі жоғарғы комиссары Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедовпен кездесті. Луиз Арбурдың Түркіменстанға жасаған 3-күндік сапары елдің болашақтағы ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға бағытталған келіссөздерге қатысуына мүмкіндік туғызатын болады деп хабарланды. Түркіменстанға сапарының алдында Арбур ханым Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдеріне барған болатын.