Қытайдың солтүстігіндегі көмір кенішінде болған жарылыстан 20 адам қаза болған

Шанкси аймағында сенбі күні орын алған бұл жарылыстан тағы 10 кенші хабарсыз кеткендердің қатарына қосылып отыр. Өткен жылы Қытайдың 4 мың 700-дей кеншісі осындай апаттардан қаза болған-ды.