Францияның президенттік сайлауларына сайлаушылар белсенді түрде қатысуда

Түскі 12-де сайлаушылардың 34 пайызы дауыс беріп үлгерген екен. Сайлау алды пікір зерттеулеріне қарағанда, консервативтік бағыттағы Николас Саркози өз қарсыласы, социалист Сеголен Руаяльден алда тұр. Сайлау бекеттері кешкі сағат 8-ге дейін ашық тұрады. Алғашқы қорытындылар іле-шала әзір болмақшы.