Николя Саркози Франция президенті болып сайланды

Жексенбі күнгі сайлауда консерватор Николя Саркози шамамен 53 пайыз дауыс жинап, социалист Сеголен Руаяльді жеңді. Мажарстандық иммигранттың ұлы Саркози Парижде өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде бүкіл халықтың мүддесіне өкілдік етуге уәде берді. АҚШ президенті Джордж Буш Саркозимен бірге жұмыс істеуді асыға күтенінін айтты.