Соңғы екі айда Талибан соғысушылары 100-ден аса полиция қызметкерін өлтірген

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы екі айда Талибан соғысушылары 100-ден аса полиция қызметкерін өлтірген. Баспасөз-хатшысы Земарай Башари олардың көбі Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында қаза тапты деп мәлімдеді. Бұл аймақтарда Талибан соғысушылары белсенділік танытып келеді.