Дүйсенбіде Ирақта 70-ге жуық адам құрбан болды

Дүйсенбі күні Ирақта орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 68 адам құрбан болды. Рамади қаласындағы екі жанкештілік шабуылдан 13 адам қаза тапты. Ресмилер бұл шабуылды Әл-Қаида ұйымы іске асырды деп мәлімдеді. Халықаралық Қызыл Крест ұйымы өз операцияларын көбейтіп, Ирақтықтарды азық-түлікпен және сумен қамтамасыз етуін оларға медициналық көмек көрсетуін одан әрі жалғастыратынын хабарлады.