Ауғанстанда АҚШ армиясы қаза болғандардың отбасыларына құнын төлеп жатыр

КАБУЛ: Осы жылдың наурыз айында АҚШ әскері жүргізген соғыс операциясының барысында бейбіт халықтың қырылғаны үшін АҚШ армиясы ауған халқынан кешірім сұрады. 4-інші наурыз күні тәліптердің тосын шабуылына тап болған АҚШ-тың теңіз жаяу әскері қарсы оқ жаудырамын деп, 19 жергілікті тұрғынды оққа ұшырып, тағы 50-ге жуығын жаралаған болатын. АҚШ армиясы басшылығының өкілі Джон Николсон бұл оқиғаны “сұмдық қателік” деп сипаттап, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Оның мәлімдеуінше, қаза болғандардың отбасыларына құн төленуде.