Жартылай финалда Ресей мен фин және Канада мен Швеция хоккейшілері кезеседі

МӘСКЕУ: Шайбалы хоккейден Мәскеу мен оның іргесіндегі Мытища елді-мекенінде өтіп жатқан Әлем біріншілігінде Финляндия құрамасы АҚШ құрамасын буллит бойынша 5 : 4 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда финдер енді Ресей құрамасымен күш сынасуға тиіс. Жартылай финалдың екінші жұбында Канада мен Швеция құрамалары кездеседі.