Пәкістандағы жарылыстан кемінде 24 адам құрбан болды

Полицияның хабарлауынша, Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында орын алған жанкештілік шабуылдан кемінде 24 адам қаза тауып, 25-ке жуық адам жараланған. Тергеушілер жанкештінің аяғына байланған бір хатты тапқан, онда Америка Құрама Штаттарының тыңшылары жарылыстан қаза болғандардың тағдырына тап болады деп жазылған екен.