Қырғызстан Орталық Азия су және энергетика консорциумын құруды қолдайды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Қырғызстан сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев бүгін Душанбеде су, энергетика және шекара мәселелерін талқылады. Қырғыз министрі Орталық Азия су және энергетика консорциум құру жөнінде Тәжікстан жасаған ұсынысты толық қолдаймыз деді. Қырғызстан мен Тәжікстанның мың шақырымға созылған шекарасының жартысы келісілді, дейді қырғыз министрі.