Депутаттар Назарбаевқа шектеусіз президенттік мерзім берілуін жақтап дауыс берді

Қазақстан парламенті кеше ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерді екінші оқылымда басым дауыспен мақұлдады. Онда Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаевтың президенттік мерзімі шектелмейтіндігі айтылған, демек бір тұлға екі мерзімнен артық уақытқа президент бола алмайды деген баптың тұңғыш президентке қатысты еместігін Конституцияға енгізу айқын жазылған. Қазақстан президентінің қазіргі мерзімі 2012 жылы аяқталуы тиіс.