Ресейде оппозициялық шеру өтті

Бүгін Ресейдің Челябинск қаласында 100-ден аса адам шеруге шықты. Олар президент Владимир Путиннің авторитарлық саясатына наразылық танытты. “Наразылар шеруін” ұйымдастырғандардың бірі Олег Стифонов шеру бейбіт түрде өтті деп хабарлады. Стифоновтың айтуынша, шеруге 150-ге жуық адам қатысқан, олар президент Путиннің отставкаға кетуін талап еткен.