Румындардың көпшілігі президентке импичмент жариялауға қарсы

Сенбі күнгі референдум аяқталғаннан кейін жүргізілген қос бірдей сауалнама нәтижесі президент Трайан Базескуге сенімсіздік көрсету жоспарына сайлаушылардың 75-78 процентінің қарсы дауыс бергендігін байқатты. 18 миллион халықтың сайлау учаскелеріне тек 34 проценті ғана келген. 20 сәуір күні Румыния парламенті президент Конституцияға қайшы әрекет етті деген күдікпен оның қызметін атқаруын тоқтатқан болатын. Референдумның толық нәтижесі бүгін белгілі болуы тиіс.