Ирақта жоғалып кеткен үш америкалық сарбаздың бірі табылған сияқты

Ирақ полициясы оның мәйітін Бағдад қаласының тұсында Ефрат өзенінен таптық дейді. АҚШ әскери басшылығы бұл 12 мамырда жоғалып кеткен сарбаздың бірі деген жорамалды анықтап жатырмыз дейді. 12 мамырда Бағдад маңында болған шабуылда төрт америкалық сарбаз және олардың Ирақ тілмашы қаза тапқан. Ирақта мамыр айында қаза тапқан америкалық сарбаздың саны кеше сексенге жетті. Мандали қаласында жанкештінің бомба шабуылынан кеше 12 адам қаза тапты.