Бағдадтағы базар орталығында болған жарылыста 31 адам құрбан болды

Ирақ астанасының орталығында орын алған қос бірдей жарылыста 30 астам адам қаза тапса, 80 адам жарақат алған. Базар ішінде мина толтырылған көліктер жарылған. Хадра ауданында полиция мінген автомашинаға шабуыл жасалды. Ирақтың батысындағы Анвар провинциясында американ жасақтары кепілдік тұтқынындағы 12 адамды босатты.