Қазақстанның тұңғыш президентіне өмірлік президент болуға жол ашылды

Қазақстанның алғашқы президенті Н.Назарбаевтың президент болып сайлануына шектеусіз мерзім беру жөнінде түзетулер енгізілген Конституцияға президент қол қойды, сөйтіп заң күшіне енді. Қазақстан парламенті аталған өзгерістерді өткен аптада енгізіп, заң жобасын екінші оқылымында қабылдаған болатын. Қазақстан оппозициясы бұл заң жобасы демократия талаптарына сай келмейді деп сынаған еді.