Беларус оппозициясы өзара кикілжіңге тоқтау салмақ

Беларус оппозициясы кеше ел астанасы Минскте құрылтайын ашты. Кейбір белсенділер оппозиция басшысын орнынан алуға шақырды, ұжымдық басқару тәсілін ұсынды. Оппозиция басшысы Александр Миленкевич бұл оппозицияны әлсіретеді деп ұсыныспен келіскен жоқ. Беларус оппозициясында өзара араздық соңғы кезде өсе түсті. Белсенділер авторитарлық президент Александр Лукашенкоға қарсы күресудің орнына өзара кикілжіңге ұшырадық дейді.