Талибан жасағы үш ауған көмек қызметкерлерін босатқандығын хабарлады

Бұл хабарды Француз көмек ұйымы да растады. Олар мамырдың 26-сы күні бостандыққа шығарылған екен. Ол үшеуі осыдан екі ай бұрын қос французбен бірге ұрланған болатын. Нимроз аймағындағы тайпа көсемдерінің өтініші бойынша ол көмек қызметкерлерін босатқандығын да Ауғанстандағы талибандықтар мәлімдеді. Ал, француздар бұдан бір ай бұрын бостандыққа жіберілген болатын.