Украйнаның саяси қарсыластары парламенттік ерте сайлаулар шақыруға келісті

Киевтегі кеңсесінде жалғасқан үкімет басшысы және өзінің қарсыласы Виктор Януковичпен сөйлесулерден кейін президент Юшенко осы жөнінде бүгін мәлімдеген еді. Қыркүйектің 30-ына белгіленген сайлаулар жөніндегі ортақ шешімді ол “келісімпаздық” деп бағалады. Украйнадағы саяси дағдарыс шешілді, деп жариялады президент. Еуропа кеңесі бұл қадамды қызу қуаттады.