Солтүстік Ауғанстанда аймақ губернаторына қарсы шеруге шыққандарға полиция жасағы оқ атты

Оның кесірінен кем дегенде 13 адам қаза болып, 30-дайы жараланған. Мың шақты адам Жоузжан губернаторы Хан Хамдардтың қызметінен кетуін талап етті. Аймақ астанасы Шеберғанда болған осы шеру барысында кейбіреулер әкімшілік кеңсесіне тас лақтырған екен. Шерушілер өзбек генералы Абдул Рашид Достумның жақтастары, дейді хабарлар.