Пәкістан мен Ауғанстанның сыртқы істер министрлері сәрсенбі күні кездеседі

ПОТСДАМ: Пәкістанның сыртқы істер министрі Хуршид Казури Ауғанстанға байланысты ынтымақтастықтың қажет болуы, бәлкім, Пәкістан АҚШ-тың одақтасы болып қалуына кепілдік береді деп мәлімдейді. “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында Хуршид Казури: “Пәкістан үкіметі Ауғанстанның болашағы үшін Пәкістанның “теңдессіз” маңызды рөл атқаратынын Вашингтондағы лидерлер түсінеді ғой деп есептейді”, -деп атап көрсетті. Сонымен қатар Казури сәрсенбі күні Германияның Потсдам қаласында Ауғанстанның сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спантамен келіссөз өткізетінін растады. Бұл келіссөзді неміс үкіметі ұйымдастырып отыр.