Украина парламенті кезектен тыс сайлау өткізуге қажетті заңдарды талдайды

КИЕВ: Украина парламенті – Жоғарғы Рада – 30-ыншы қыркүйек күні кезектен тыс парлмент сайлауын өткізуге мүмкіндік беретін заң жобаларын талқылауды бастауға тиіс. Отырыс 2 күн жалғасады. Президент В.Ющенко мен премьер-министр В.Янукович кезектен тыс парламент сайлауын 30-ыншы қыркүйекте өткізу туралы жексенбі күнгі келіссөзінде уағдаласып, елдегі саяси дағдарыс шешімін тапқан болатын. Әйтсе де енді парламент сайлауды өткізуге қажетті басқа да шараларды қабылдап, сайлау заңына өзгерістер енгізуге тиіс.