Вена қаласында австриялық музыканттың үйінен үш миллион доллар тұратын Страдивари скрипкасы ұрланды

Австрия полициясы бүгін жариялағандай, ұрлықшылар үйде тұрған сейфті ашып, аса қымбат тағы бір скрипканы алып кетіпті. Екінші скрипканың құны – 160 мың доллар. Мұның сыртында зергерлік әшекейлер және электрондық аппаратура қолды болып кетті.