Кремль Косовоның тағдырын ресми Белград пен Приштинаның өздері шешеді деп санайды

ПОТСДАМ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров әлемнің өзге жетекші елдерін Косово өлкесінің тағдырын өз білгендерінше шешпеуге шақырады. “Үлкен сегіздікке” кіретін елдердің сыртқы істер министрлерінің Потсдам қаласындағы бүгінгі бас қосуында С.Лавров: “Сербияның Косово өлкесіне тәуелсіз беру мәселесін ресми Белград пен Приштинаның арасындағы тікелей келіссөз ғана шеше алады”, -деп мәлімдеді. БҰҰ-ының Косовоға халықаралық қоғамның қадағалауымен тәуелсіздік беру жоспарын Батыс елдері қолдап шыққан болатын. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесінің шешім қабылдауына “вето”, яғни “бөгет қою” құқы бар Ресей ол жоспарға қарсы шықты.