Австрияның мемлекеттік прокуроры Қазақстан президентінің күйеу баласы Рахат Әлиевке қатысты Қазақстан тарапының сұрауы бойынша экстрадициялау шараларын бастады. Бұл жөнінде Франц пресс агенттігіне Австрияның мемлекеттік прокурорының баспасөз-хатшысы Вулфганг Свобода хабарлады. Рахат Әлиев өз елінде адам ұрлады деп айыпталып отыр. Қазақстанның Австриядағы елшісі болған Әлиев өткен айда қызметінен босатылған болатын.