Австрия билігіне кепілдік беру арқылы Рахат Әлиев қамаудан босатылды, деді Австрия ресмилері. Қазақстан президентінің күйеубаласы Қазақстанда өз бақылауындағы банктің екі басшысын ұрлауға қатысы бар деген күдікпен маусымның 1-і күні ұсталған болатын. Венадағы көпшілік прокуратурасы кеңсесі өкілінің айтуынша, Әлиевтің босатылуы үшін кепілдікке 1,3 миллион доллар берілген. Алайда ол Австриядан еш жаққа кетіп қалмастан, Қазақстанға қайтарылуға өзін-өзі әзірлеуі тиіс, делінген хабарда.