Армения мен Әзірбайжан президенттері Ресейде кездеседі

Армения президенті Роберт Кочарян мен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев бүгін Санкт-Петерборда кездеседі. Екі ел президенттері Ресейдегі экономикалық форум мен ТМД басшыларының бейресми саммитіне қатысады. Кочарян мен Әлиев даулы Таулы-Карабах мәселесіне байланысты бейбіт процесін ілгерілетуге тырысады.